Түркістан облысында әкімнің орынбасары не үшін ұсталғаны белгілі болды
Түркістан облысында әкімнің орынбасары не үшін ұсталғаны белгілі болды
Sputnik / Абзал Калиев
198
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Жетісай қаласы әкімінің орынбасарын құрықтады,- деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. №1 департаменттің аға тергеушісі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, кеше, 12 ақпан күні Түркістан облысының Жетісай қаласы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ол жергілікті кәсіпкерден жер учаскесін бергені үшін 530 000 теңге көлемінде параның бір бөлігін алды деген күдікке ілінді. "Тергеу шаралары жалғасуда. Күдіктіге қатысты шешімді және айыптың деңгейін сот анықтайды", - деді Бигайдаров астанада өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың ісі бойынша ақпарат жариялау жоспарланып отырғанын хабарлады. Қазіргі кезде қосымша фактілер мен күдіктілер анықталып жатқаны айтылды. 15 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының бұрынғы басшысы Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.