Ең жемқор бес министрліктің атауы жарияланды
Ең жемқор бес министрліктің атауы жарияланды
© zakon.kz
225
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз орталығында Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова 2019 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды zakon.kz.
Құқықтық статистика органдары мәліметтері бойынша, өткен жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдардың саны 1002 адамды құрады, бұл - өткен жылмен салыстырғанда біршама аз көрсеткіш, дәлірек айтсақ 7% төмен, - деді Жарова.
Ақпаратқа сәйкес, сотталғандардың 515 -і - орталық мемлекеттік органдардың, 261-і - жергілікті атқарушы органның, 37-сі - квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, ал 189-ы - басқа адамдар.
Агенттік жүргізген мониторинг бойынша жемқорлыққа бейім министрліктердің бестігі құрылды. Олар: ҚР ІІМ, Қаржы министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ол көбіне жемқорлық қылмысы осы министрліктің өңірдегі бөлімшелерінде және оған қарасты мекемелерде жиі орын алғанын да айта кетті.