Жетісу облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың денесі табылды
Жетісу облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың денесі табылды
801
оқылды

Жетісу облысында полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлап, артынан өлтірген ер адамды ұстады, – деп хабарлады өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 Zakon.kz мәліметінше, қыздың ата-анасы полицияға хабарласып, кешке құрбысының үйіне кеткеннен оралмағанын айтқан. Полиция жоғалған қызды іздестіру бойынша жан-жақты жұмыс жүргізді. Жедел уәкілдер күдіктіні анықтады.
"Жергілікті тұрғын қызды зорлағанын, одан кейін істегенінен қорқып, оны өлтіргенін мойындады. Күдіктінің айтқандарын тексеру барысында елді мекендердің бірінің сыртынан қыздың денесі қазып алынды", – деді баспасөз қызметіндегілер.
Мәйіт топырақ астынан алынып, сот-медициналық сараптама жүргізуге жолданды.
«ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағы (Айыптының дәрменсіз күйдегі адамды өлтіруі), 10-тармағы (өзге қылмысты жасыру мақсатында) және 14-тармағы (Кәмелетке толмағанды өлтіру) бойынша қылмыстық іс тіркелді, олар бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған. Ал ҚР ҚК-ның 120-бабы 3-1-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды зорлау) 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді» делінген хабарламада.
Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды, іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.