Жетісу облысында полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлап, артынан өлтірген ер адамды ұстады, – деп хабарлады өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Zakon.kz мәліметінше, қыздың ата-анасы полицияға хабарласып, кешке құрбысының үйіне кеткеннен оралмағанын айтқан. Полиция жоғалған қызды іздестіру бойынша жан-жақты жұмыс жүргізді. Жедел уәкілдер күдіктіні анықтады."Жергілікті тұрғын қызды зорлағанын, одан кейін істегенінен қорқып, оны өлтіргенін мойындады. Күдіктінің айтқандарын тексеру барысында елді мекендердің бірінің сыртынан қыздың денесі қазып алынды", – деді баспасөз қызметіндегілер.Мәйіт топырақ астынан алынып, сот-медициналық сараптама жүргізуге жолданды.
«ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағы (Айыптының дәрменсіз күйдегі адамды өлтіруі), 10-тармағы (өзге қылмысты жасыру мақсатында) және 14-тармағы (Кәмелетке толмағанды өлтіру) бойынша қылмыстық іс тіркелді, олар бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған. Ал ҚР ҚК-ның 120-бабы 3-1-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды зорлау) 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді» делінген хабарламада.Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды, іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.