Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран соғады
Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран соғады
Фото: Интернеттен алынды
420
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін еліміздің көптеген аймағында жауын-шашын болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады. Тек оңтүстікте күн ашық болады. Кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын соғып, жел күшейеді. Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.