Жамбыл облысындағы түрмелердің бірінде сотталушы әкімшілік қызметкерлерге шабуыл жасады
Жамбыл облысындағы түрмелердің бірінде сотталушы әкімшілік қызметкерлерге шабуыл жасады
366
оқылды
Шабуыл салдарынан зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ТЖ-158/7 мекемесінде таңғы тексеру кезінде сотталғандардың бірі әкімшілік қызметкерлеріне шабуыл жасады. Оқиға салдарынан зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы «тұрақты» деп бағаланып отыр» делінген хабарламада.
Комитеттің мәліметінше, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне шабуыл жасаған сотталушы тәртіптік изоляторға оқшауланды.
«Аталған факті ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметтік тексеру тағайындады», - дейді ведомстводан.