Әткеншектің әлегі
Әткеншектің әлегі
1,493
оқылды
Оралда ойнап жүрген 13 жасар баланың екі саусағын әткеншек кесіп түсті. БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 27 шілдеде шамамен сағат 21.10-да 2009 жылғы бала Х. Доспанова көшесі 69-үй ауласындағы балалар алаңында орнатылған тренажер жабдығында ойнап жүріп, жарақат алған. Салдарынан қолының екі саусағын кесіп кеткен. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 306-бабы 2-бөлігіне (қауіпсіздік талабына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмысты орындау не қызмет көрсету) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау бас қармасының мәліметінше, баланың бір саусағы сол жерде кесіліп қалған. Терісіне ілініп тұрған екінші саусағы ауруханада алынды. Бала амбулаториялық ем алуға жіберілді.