Қазақстан – МСАК дүниеге келген жер
Қазақстан – МСАК дүниеге келген жер
247
оқылды
Халық денсаулығын қорғау – әлем елдеріне ортақ мәселе. Осы жолда Қазақстан 30 жылға жуық ДДСҰ-мен етене ынтымақтастық орнатып келеді. Мәжіліс төраға­сы Нұрлан Нығматулин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Палата спикерінің айтуынша, Қазақстан басшылығы үшін ұлт денсаулығын нығайту ұлт сая­сатының маңызды міндеттерінің бірі. Елімізде жоғары техно­ло­гиялық медициналық орталық­тар құру, міндетті медсақтандыру жүйесін енгізу, заңнаманы жетіл­діру, ана мен бала өлім-жітімін азайту, ауыр дерттердің тара­луы­мен күрес бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылып жатыр. Н.Нығматулин 2014 жылы Алматыда ДДСҰ-ның медици­на­лық санитарлық алғашқы көмек жөніндегі кеңсесі ашыл­ғанын, ал одан көп бұрын 1978 жылы МСАК бойынша басты бір жа­һан­дық құжат – Алматы Дек­лара­циясы Қазақстанда қа­был­дан­ғанын еске салды. Осының бар­лығы еліміздің медициналық санитарлық көмекті дамыту са­ласындағы тұрақты саясатының көрсеткіші. Мәжіліс төрағасы қазіргі уа­қыт­та қоғамдық талқылауға шы­ғарылған жаңа Денсаулық ко­дексі бойынша депутаттар бел­сенді жұмыс істеп жатқанын жеткізді. – Депутаттар мен мемор­ган­дар өкілдері сыртында Денсаулық кодексінің жобасы бойынша жұ­мыс тобы құрамына ҮЕҰ, қо­ғам­дық ұйымдар және денсаулық сақ­тау саласының қауымдас­тықтары, ғалымдар, дәрігерлер, ме­дицина мамандары кірді. Ақыр­ғы жоба қоғамның барлық топта­рының пікірін ескеретін мә­мілеге негізделеді. Депутаттар қабыл­данғаннан кейін жаңа ко­декстің іс жүзінде медициналық қызмет­тердің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, оның сапасын арттырғанын қалайды. Кез кел­ген мемлекеттің әл-ауқаты мен өр­кен­деуі қоғам­ның денсау­лы­ғына байланысты болатынын біз тү­сі­не­міз, – деді Нұрлан Зайрол­лаұлы. Ханс Клюге бұл құжатты пы­сықтауға жәрдемдесу – бюро қызметінің маңызды бағыт­та­рының бірі екенін атап өтті. Ол денсаулық сақтау саласын іл­герілетуде Қазақстанның әле­уеті мен басымдықтары зор еке­ніне сенімді. Мәртебелі мей­ман­ның байламынша, Қазақстанды заманауи медициналық-сани­тарлық алғашқы көмек дүниеге келген жер деуге де болады. Өйт­кені басты құжаты осында қабылданды. Х.Клюге өз сөзінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық та­быстарына тәнті екенін жеткізіп, алда денсаулық саласына заманға сай жаңалықтар енгізу, соның ішінде цифрландыру бағытында бірлесе, белсенді жұмыс атқаруға шақырды. Н.Нығматулин ДДСҰ өкі­лінің мол тәжірибесі тек Еуропа аймағында ғана емес, жалпы әлем елдерін ортақ мақсат жо­лын­да біріктіруге ықпал етеріне сенім білдірді.   Айхан ШӘРІП