Жетісу облысында браконьерлікпен айналысты деген күдікпен Испания азаматтары ұсталды
Жетісу облысында браконьерлікпен айналысты деген күдікпен Испания азаматтары ұсталды
553
оқылды
Сібір таутекелерін заңсыз аулаған үш күдікті ұсталды. Ведомство дерегіне сүйенсек, 2 тамыз кешкі сағат 19:30 шамасында Жоңғар-Алатау паркінің  мемлекеттік инспекторлары кезекті рейд барысында, Тоқты мемлекеттік табиғи қаумалы аумағынан "Toyota Land Cruiser Prado" маркалы автокөлігін тоқтатқан. Көлік салонындағы Қазақстан азаматы және екі испаниялық ұсталған. Көлікті тінту барысында жүк салу бөлігінен сібір таутекесінің екі дана басы, терісі және екі қапқа салынған салмағы 60-62 келі еті, сондай-ақ екі шетел азаматына тиесілі екі қару құралы тәркіленді. Аталған факті бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Жетісу облысы Алакөл аудандық полиция бөліміне жіберілді.