Мінезіңді қалтаңа салып қой! - желіде СҚО прокурорының ашуға ерік берген видеосы тарады
Мінезіңді қалтаңа салып қой! - желіде СҚО прокурорының ашуға ерік берген видеосы тарады
2,584
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Тайымбетов жергілікті халықпен кездесуі кезінде ашуға ерік берген. Жиын түсірілген видеодан Бағбан Тайымбетовтің камера ұстаған тұрғындардың біріне ұрсып бергенін көруге болады. Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының тұрғындардың бірімен сөзге келіп қалған бейнежазбасын Ербол Еділов өзінің Тelegram-арнасында жариялады. Видеода Бағбан Тайымбетов камера ұстаған тұрғынға бұл кездесуді түсіруге болмайтынын ескертеді. Бірақ ескертудің соңы ерегіске ұласқан.
"Ей, сен, давай, мінезіңді қалтаңа салып қой, түсіндің бе? Шешілетін нәрсе шешіледі. Проблемаң бар ма, шеш заңмен. Ойнап жүр екенсің сен үндемегенге. Сұрақты саясиландырма. Былай сені қорқытып неғыламын? Керек едің сен маған", - деп ұрса жөнеледі СҚО прокуроры.
Тіпті "Мәселем заңмен шешілмей жатыр, мен де тұрғынмын" деген азаматқа, прокурор "Бүкіл Қазақстан сенің проблемаңмен өмір сүріп жатыр деп ойлайсың ба, мен сенімен емес, халықпен кездесуге келдім, бара бер" деп одан сайын айғайлай түседі Тайымбетов.