Ақтөбе облысында есірткі сақтаған тұрғынды жауапқа тартты, – деп жазады Polisia.kz.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылған Ақтөбе қаласының 33 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.
Одан 144 грамнан астам психотропты зат тәркіленді. Сот отырысында сотталушы тағылған айыпты мойындамады.
Алайда полицейлер жинаған бұлтартпайтын дәлелдермен кінәсі расталды. Үкім заңды күшіне енді. 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Былтырдан бері есірткіге қатысты барлығы 17 қылмыстық іс сотқа жолданды. 10 іс бойынша үкім шықты. Сотталғандардың әрқайсысы 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылды», – деді Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұрлан Таушанбаев.