Ер адамның әйелмен сөз таластырып тұрғаны, кейін пышақ шығарып, шабуыл жасағаны автобус ішіндегі камераға түсіп қалған.
«Оқиға 31 шілде күні кешкі сағат 22.30-да Саин және Рысқұлов көшелерінің маңында №38 автобуста болған. Ер адам бұрынғы әйеліне пышақ салмақ болды»,- деп жазды желі қолданушысы.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», – деп хабарлады полициядан.