Қазақстан СІМ Әзербайжан Елшілігіне шабуылға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан СІМ Әзербайжан Елшілігіне шабуылға қатысты мәлімдеме жасады
677
оқылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 4 тамызда орын алған экстремистердің Лондондағы Әзербайжан Республикасының Елшілігіне шабуылына байланысты мәлімдеме жасады. "Дипломатиялық өкілдіктер мен олардың персоналына қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі қабылданбайды деп санаймыз", - деп жазды ведомство Телеграм-арнасында.
"Халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзудың осындай актілері жалпыға бірдей айыпталуға жатады және олардың ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тарту мақсатында мұқият тергеуді талап етеді. Біз әзербайжан халқының төзімділігіне сенімдіміз және бауырлас мемлекет үшін қиын жағдайларда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімізді білдіреміз", - делінген СІМ мәлімдемесінде.