Қазақстанға таңбаланбаған 4 млн қораптан астам темекіні контрабандалық жолмен әкелуге тырыcқан
Қазақстанға таңбаланбаған 4 млн қораптан астам темекіні контрабандалық жолмен әкелуге тырыcқан
362
оқылды
ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, осы бұзушылықтар бойынша бюджетке төлеуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың және акциздің алдын ала сомасы 1,2 млрдтеңгені құрады.
Жақында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кедендік тексеру жүргізу кезінде «сәйкестендіру құралдарымен таңбалаусыз темекіні» заңсыз алып өтуге байланысты кеден заңнамасын бұзудың 3 фактісін анықтады. Барлық 3 фактінің қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар.
Мысалы, «Алматы» кедендік ресімдеу орталығының қызметкерлері Біріккен Араб Әмірлігінен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін жүгін тексеру кезінде таза салмағы – 24,2 тонна, (1,422 млн қорап) темекі тапты, делінген хабарламада.
Бюджетке төлеуге тиісті кедендік төлемдердің, салықтардың және акциздің сомасы – 403 млн теңгені құрады. Материал сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы мәселені шешу үшін көлік прокуратурасына берілді. Сондай-ақ, «Алматы» КРО қызметкерлері Латвиядан Қазақстан аумағына әкелінетін, салмағы – 13 тонна (656 мың қорап) осыған ұқсас жүкті ұстады. Бюджетке төлеуге тиісті сомасы – 184,5 млн теңгені құрады.
Бұдан басқа, «Жетісу» кеден бекетінің кедендік жете тексеру барысында инвойсқа сәйкес 45,6 мың орам көлемінде «дәретхана қағазы» деп мәлімделген тауарды анықтаған. Алайда, алдын ала тексеру барысында «сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған темекі өнімдері» тауары нақты анықталды. Саны – 2, 090 млн қорап. Бюджетке төлеуге тиісті кедендік төлемдердің, салықтардың және акциздің алдын ала есептелген сомасы – 587,9 млн теңге, деп хабарлайды құзырлы ведомства.
Заңсыз жолмен 4,16 млн қорап темекі жеткізуге тиіс тауар алушылар темекі өнімдерін көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрмайды.