Бір топ спортшыны су толқыны басып, бір адам із-түссіз жоғалып кетті
Бір топ спортшыны су толқыны басып, бір адам із-түссіз жоғалып кетті
392
оқылды
Ыстықкөлде бір топ жүзушілерді толқын басып қалды, бір адам із-түссіз жоғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, 6 тамыз күні сағат 13:00 шамасында 15 суда жүзуші Тоң ауданындағы Қара-Шаар ауылынан Ыстықкөл ауданы Тору-Айғыр ауылына қарай жүзуге шыққан.
«Жүзу кезінде спортшыларды үлкен толқын басып, салдарынан олардың біреуі судан шықпады», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде спортшыны іздеу жұмыстары жүргізілуде. Ол туралы мәлімет анықталып жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі.