Павлодарлық тұрғындар Z белгісін қолдамайтындарын білдірді
Павлодарлық тұрғындар Z белгісін қолдамайтындарын білдірді
2,640
оқылды
Павлодар облысындағы Жасыбай курорттық аймағына келген ресейліктер жергілікті азаматтардың наразылығына ұшырады. Жағдайды баяндаған ресейлік әйелдің бейнежазбасы «Типичный Павлодар»  Telegram арнасында жарияланды. Видео авторының айтуынша, көліктеріндегі Z белгісі жергілікті азаматтардың ашуына тиген.
«Біз Павлодар облысының аумағындамыз. Жасыбай курорттық аймағына келген ресейліктерміз. Бізді мұнда тым нашар қарсы алды. Көлігіміздің терезесіндегі Z белгісін көрген жергілікті азаматтар бізге тарпа бас салды. Олар бізді «Украинаға шабуылдадыңдар» деп айыптады, мына тұрған автобустың жүргізушісі «Бұл жерде сендерді ешкім қуана қарсы алмайды, бұл жерден кетіңдер!»,- деді. Мен бұл видеоны бүкіл қазақстандықтардың көргенін қалаймын. Павлодар облысында осындай агрессивті адамдардың барын біліп жүріңіздер», - дейді бейнежазба авторы.