Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Үкілі домбыра» музыкалық кеші өтті
Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Үкілі домбыра» музыкалық кеші өтті
390
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Үкілі домбыра» музыкалық кеші өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – дарынды балалар мен жасөспірімдерді қолдау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру, туған елдің мәдени мұрасын зерттеу арқылы патриотизмді қалыптастыру.    width=   Кеш Л.Гумилев атындағы ЕҰУ кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Серікзат Дүйсенғазы және «Шабыт» ҚазҰӨУ оқытушысы, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, домбырашы Досым Мақсұтов қатысуымен өтті.    width= Күй орындаушылар ретінде домбырада жалпы білім беретін және музыка мектептерінің оқушылары, этномәдени бірлестіктердің көркемдік ұжымдарының мүшелері, сондай-ақ 6 жастан 14 жасқа дейінгі барлық тілек білдірушілер өз таңдауы бойынша дәстүрлі аспаптық күйлер орындады.  width= Іс-шара барысында Дүйсенғазы Серікзат қазақтың ұлттық домбырасының ерекшелігі мен маңызын, күй орындау өнері туралы айтып берді. Кәсіби домбырашы Досым Мақсұтов домбырада ойнаудың қыр-сырымен бөлісіп, шеберлік сабағын өткізді. Шара соңында барлық қатысушылар қонақтармен бірге «Ерке сылқым» және «Балбырауын» күйлерін орындады.