Алматыда автобуста бұрынғы әйелін пышақтамақ болған ер адам қамауға алынды
Алматыда автобуста бұрынғы әйелін пышақтамақ болған ер адам қамауға алынды
329
оқылды
Алматыда автобуста бұрынғы әйелін пышақтамақ болған ер адам қамауға алынды. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті ҚР қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Прокуратураның келісімімен, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», - деп хабарлады полициядан.