"Менің Әуезовім" түрік тіліне аударылды
"Менің Әуезовім" түрік тіліне аударылды
637
оқылды
Ұлттық академиялық кітапханада академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың түрік тілінде жарық к­өрген «Менің Әуезовім» кітабының таныстырылымы ­өтті. Аталған жиынға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы ғалым Мұрат Әуезов, халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Benim Auezvum кітабының құрастырушысы Амантай Шәріп, әуезовтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай қатысты. Роман-эсседе ұстаз бен шәкірт туралы жан-жақты суреттелген. Жазушы Мұхтар Әуезовтің университет аудиториясындағы оқу шеберлігі мен шешендігі ғана емес, лекцияның танымдық табиғаты, тәлімдік мәнін сипаттап, ұстаз образын жасаған. Айта кету керек, бұл заңғар жазушы туралы аударылған бірінші еңбек емес. Бұған дейін Мұхтар Әуезовтің қаламынан шыққан туындылар түрік тілінде жарық көрген.
«Біздің негізіміз және болашағымыз түркішілдікпен байланысты. Сондықтан неғұрлым түркі бауырларымызды өз-өзімізге осы жақсы қасиеттерімізді, іс-әрекеттеріміздің арқасында өзімізге тарта білсек, солардың ортасында бола білсек, соғұрлым болашағымыз ашық болады деп ойлаймын. Соны түсінген азаматтарға мың да бір рақмет», – деді қоғам қайраткері, мәдениеттанушы ғалым Мұрат Әуезов.