Қазгидромет 6 ақпанда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Таңертең және күндіз жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Қонаевта оңтүстік-батыстан жел болады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман, түнде бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Қызылордада кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, түнде бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 17 м/с.
Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20. Облыстың батысында, шығысында екпіні 23-28 м/с. Қарағандыда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с.
Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Жезқазғанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз болады.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, түнде облыстың оңтүстігінде қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Қостанайда тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Өскеменде күннің екінші жартысында (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында қар, бұрқасын болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Семейде күндіз (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 м/с. Түркістанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Шымкентте кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Таразда күндіз көктайғақ болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда көктайғақ болады. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.