Қызылорда облысында қарақшылық шабуыл жасаған екі адам іздестіріліп жатыр
Қызылорда облысында қарақшылық шабуыл жасаған екі адам іздестіріліп жатыр
2,190
оқылды
Қызылорда облысы Арал ауданында қарақшылық шабуыл жасаған екі адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға 8 тамыз сағат 16:00 шамасында болған. Полицияға хабарласқан азамат өзінің мекенжайына екі бейтаныс ер адам басып кіріп, ірі көлемде ақша және ұялы телефондарын тартып алып кеткенін айтып арызданған. Күдіктілер оқиға орнынан бой тасалап кеткен.
«Аталған дерек Арал полициясында тіркелді. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Арал аудандық полиция бөлімінен.
Ведомство мәліметінше, күдіктілерді іздестіру бағытында жедел тергеу тобы құрылған.