Тұрағұл қара сөздің хас шебері болған. Бұдан бөлек аудармашылығы да бір төбе. Немересі Әубәкірдің өлеңдерінің де өзіндік өрнегі бар. Ол сатиралық өлеңдерімен бірге тарихи тақырыпты да қозғап, көлемді дастандар жазған. Өкінішке қарай, кеңестік кері саясаттың қанды қақпаны кемеңгер ұрпақтарын да айналып өткен жоқ. Олар да елменм бірге зардап шекті, қиындық көрді.
«Бүгінгі шараның бұл музейде өтуі де тегін емес. Мен білетін Абайдың немере інісі Шәкрімнен бастап, 14 ұрпағы қуғын көрген. Қысқасы кеңес өкіметі Абай ұрпақтарына теріс қараған. Ал енді бүгінгі жастар Ұлы ақын армандағандай білімді білікті болуы және еліміздің өткенін, тарихи тұлғаларын жақсы білуі керек қой», - деп атап өтті жазушы Болат Жүнісбеков.Шара соңында қонақтар музейді аралады. Абай күніне арналған шаралар 17 тамызға дейін жалғаса бермек. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «Абай әндері» атты концерті, «Үмбетәлі жырларындағы – Абай бейнесі» атты конференция, «Хантәңірі» халық театрының «Телғара» фильм-спектаклінің қойылымы, «Абай – жыршы, ұлы ақыны елімнің» атты поэзия кеші жұрт назарына ұсынылады.
Болат АБАҒАН, Алматы облысы