«AMANAT» партиясы: студенттерді жатақханамен қамту мәселесін талқылады
«AMANAT» партиясы: студенттерді жатақханамен қамту мәселесін талқылады
792
оқылды
Бүгін Шымкент қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мәжілісі өтті. Көшбасшы партияның фракция жетекшісі Е.Қошановтың тапсырмасына сәйкес, күн тәртібінде төрт тақырып талқыланды. Оның алғашқысы, қаладағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін жатақханамен қамту мәселесі.    width= Бұл жөнінде қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Б.Әділханов баяндама жасады. "Жол картасы 2020-2025 жылдарға арналған жоба"  аясында бес жыл ішінде 9 жатақхана салу жоспарланған. Оның ішінде бес жатақхана пайдалануға берілген, биыл бір жатақхананың құрылысы аяқталуы тиіс. Ал  қалған үш жатақхана құрылысы келесі жылға өтпелі. Қазір  барлығы 1 786 орынды құрайтын жатақханалардың 90 пайызын  қазақстандық студенттер мекендесе, қалған 10 пайызы шетелдік білімгерлерге арналған.    width= Күн тәртібіндегі келесі мәселе қала мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мен салу туралы сөз қозғалды. Қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиеваның айтуынша, биыл «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасының шеңберінде 1 000 мектеп салу бойынша биыл үшінші мегаполисте 30 мектеп қатарға қосылады деп күтілуде. Биыл бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндердің саны 28 000-ға жетіп отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 25 000 болған. Сондай-ақ жаңа оқу жылы басталғанша қаладағы 4 білім ордасындағы күрделі жөндеу жұмыстары 100 пайыз аяқталады деген жоспар бар.    width= Мәжілісте қаралған келесі мәселе, Шымкент қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебековке жұмысы тұралаған кәсіпорындарды қайта іске қосу және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету және бағаның тұрақтылығы бойынша құзырлы органдармен бірлесіп бақылауға алу бойынша тапсырма берілді. Және кездесудегі соңғы көтерілген сұрақ,  ол базардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мемлекеттен сауда орындарына бөлінетін қаражаттың ашық өтуі мен мақсатты жұмсалуын бақылауға алу туралы болды. Бұл мәселе бойынша Шымкент қаласы  Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Ә.Жанбатыров депутаттардың сауалдарына жауап берді.