Қытайлық дәрігерлер коронавирус жұқтырған адамдарды емдеудің жаңа әдісін тапты, - деп хабарлады Sputniknews.kz Global Times-қа сілтеме жасап.
Дәрігерлер COVID-19 коронавирусымен ауырған адамдарға плазма құю әдісін қолдана бастады. Мамандар түсіндіргендей, ауруды жеңген кейбір адамдардың плазмасында коронавируспен күресуге көмектесетін қарсы денелер (антитела) табылған.
Бұл туралы Ухань ауруханасының басшысы Чжан Динюй баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Жаңа әдістің көмегімен хәл үстінде жатқан он науқас емделіп үлгерді.