«Азық-түлік бағасы, ауыл шаруашылығы туралы статистика шындыққа жанаспайды» – экономист ең басты кемшілікті айтты
«Азық-түлік бағасы, ауыл шаруашылығы туралы статистика шындыққа жанаспайды» – экономист ең басты кемшілікті айтты
Фото: 123ru.net
Геосаяси ахуал әлемдік экономиканың дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Бірақ Қазақстан экономикасын дамытуға экономистің пікірінше, қағазбастылық пен шындыққа сәйкес келмейтін есеп-қисап аяққа тұсау болып отыр. Бұл мәселе төңірегінде Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы Наурызбай ауданының директоры Мақсат Сералы AlmatyTV-ның студиясында айтты.
– Президент ең бірінші Жолдауында экономиканы дамытудың негізгі бағыттарын айқындап берді. Экономиканы дамыту үшін міндетті түрде статистика болу керек. Статистика шынайы болуы керек. Кез келген жобаны дамытудың іргетасы шынайы ақпаратқа келіп тіреледі. Соңғы 30 жыл ішінде экономикалық статистика өте қатты бұрмаланды. Статистикалық мағлұматтар шындыққа сәйкес келмеді. Мысалы, азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілген, ауыл шаруашылығы саласында осыншама гектар жер игерілген, осындай «отандық өнім шығарып жатыр»... деген ақпараттардың көпшілігі шындыққа жанаспайды. Сондықтан Президент шынайы статистика керек деген талап қойды. Осының негізінде экономиканы дамытудың негізін жүйелей аламыз», – деді экономист Мақсат Сералы.
Бұған дейін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Президентке Қазақстанның 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынғанын жазған болатынбыз.