Бір тәулікте 1600-ден астам адамнан коронавирус анықталды
Бір тәулікте 1600-ден астам адамнан коронавирус анықталды
Фото: dela.ru
Өткен тәулікте 1651 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 370, Алматы қаласында – 185, Шымкент қаласында – 16, Ақмола облысында – 109, Ақтөбе облысында – 82, Алматы облысында – 16, Жетісу облысында – 53, Атырау облысында – 48, Шығыс Қазақстан облысында – 29, Абай облысында – 26, Жамбыл облысында – 33, Батыс Қазақстан облысында – 118, Қарағанды облысында – 191, Ұлытау облысында – 37, Қостанай облысында – 89, Қызылорда облысында – 22, Маңғыстау облысында – 34, Павлодар облысында – 105, Солтүстік Қазақстан облысында – 78, Түркістан облысында – 10. Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 372 634-ке жетті.