Қазақстанда бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?
Қазақстанда бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?
Фото: aqmolanews.kz
186
оқылды
Өткен тәулікте 1 650 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы хабарлады. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында –­ 427, Алматы қаласында – 183, Шымкент қаласында – 28, Ақмола облысында – 81, Ақтөбе облысында – 78, Алматы облысында – 30, Жетісу облысында – 37, Атырау облысында – 48, Шығыс Қазақстан облысында – 52, Абай облысында – 34, Жамбыл облысында – 31, Батыс Қазақстан облысында – 68, Қарағанды облысында – 200, Ұлытау облысында – 29, Қостанай облысында – 97, Қызылорда облысында – 45, Маңғыстау облысында – 31, Павлодар облысында – 88, Солтүстік Қазақстан облысында – 49, Түркістан облысында – 14. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 370 983-ке жетті.