Даусыз талап арыздар нотариустарға берілген және арбитраждардың, медиаторлардың, заң консультанттары мен еңбек инспекторларының құзыреттері кеңейтілген. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде сотқа түсетін талап арыздар саны 2,5 есеге – 900 мыңнан 340 мыңға дейін азайған. Соттағы татуласумен аяқталған істер 37 пайызға дейін артты.Биыл 1 тамыздан бастап аумақаралық соттылық енгізілді. Істер автоматты түрде судьялардың мамандануын ескере отырып, бір соттың ішінде емес, бүкіл ел аумағындағы соттардың арасында бөлінеді. Жақып Асановтың айтуынша, бұл – жемқорлыққа қарсы жаңа әдіс. Мемлекет басшысы қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот процестерінің сапасын арттыруға, сондай-ақ сот кадрларын іріктеуді жетілдіруге бағытталған қадамдар қажет екенін атап өтті.
Жақып Асанов қылмыстық процесте ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша ақтау үкімдерінің саны 7 есе артқанын айтты
566
оқылды
оқылды