Доллар бағамы 0,60 теңгеге арзандады
Доллар бағамы 0,60 теңгеге арзандады
614
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді. Кешкі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,60 теңгеге төмендеп, 1 доллар 477,46 теңге болды. Ұлттық банктің 11 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 478,01 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 477 теңге, сатып алу – 481 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 475,5 теңгеден болса, сатып алу – 479 теңге. Ресей рублі 7,25 – 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.