ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
414
оқылды
Қарттар мен мүгедектер үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 миллион теңге ақша қаражатын ұрлағаны анықталды.
Лауазымды тұлғалар 2019 жылғы қараша мен 2020 жылғы мамыр аралығында қарттар мен мүгедектер үйінде орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 7,4 миллион теңге ақша қаражатын ұрлағаны анықталды, – деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.
Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.