Бүгін Мәдина Ерланқызын соңғы сапарға шығарып салу рәсімі мешітте өтеді  
Бүгін Мәдина Ерланқызын соңғы сапарға шығарып салу рәсімі мешітте өтеді  
Фото: yandex.kz
964
оқылды
Қостанайда жоғалып кеткен 5 жасар Мәдина Ерланқызының өлі денесі тоғаннан табылған еді. Qostanay.TV-ның хабарлауынша, бүгін Мәдинаны жер қойнына тапсырады. Туыстарының айтуынша, Мәдина Ерланқызымен қоштасу облыстық мешітте (мекенжайы: Маяковский көшесі 140 А) сағат 14.30-да өтеді. 7 тамыз күні таңертең Қостанай облысының Жамбыл ауылында бес жасар қыз жоғалып кетті. 18 және 13 жастағы әпкелері таңертең оянғанда Мәдинаны таппай қалған. Бала ашығып қалмасын деп жазық далада шар байлап, тамақ пен сусын қалдырылды. Сонымен қатар, дауыс зорайтқыштан бала жақсы көретін «Маша мен аю» мультфильміндегі ән қойылды. Жан-жақтан мыңға тарта адам жабылып іздеді. Алайда кеше Мәдинаның денесі судан табылды. Кеше «Аман-есен табылады деп үміттеніп едік» деген Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 5 жасар Мәдинаның отбасына көмек көрсетілетінін айтқан болатын.