Доллар бағамы 1,45 теңгеге төмендеді
Доллар бағамы 1,45 теңгеге төмендеді
351
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,45 теңгеге төмендеп, 1 доллар 476, 01 теңге болды. Ұлттық банктің 12 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 477, 67 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 477,5 теңге, сатып алу – 481 теңге. Ал  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңгеден болса, сатып алу – 478 теңге. Ресей рублі 7,25-7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.