Ақмола облысында белгісіз зат жарылып, бір адам қаза тапты
Ақмола облысында белгісіз зат жарылып, бір адам қаза тапты
387
оқылды
Ақмола облысы Целиноград ауданы Тайтөбе ауылының жеке тұрғын үй аумағында көмір түсіру кезінде белгісіз зат жарылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті. Оқиғаның салдарынан 1981 жылы туған үйдің иесі қаза болды. Тілінген жараларымен Нұр-Сұлтан қаласының №2 ауруханасына үй иесінің ағасы – 1977 жылы туған ер адам және ағасының 2018 жылы туған кәмелетке толмаған ұлы жатқызылды. Қазіргі уақытта полиция жедел тергеу шараларын жүргізіп жатыр.