Ақмола облысы Целиноград ауданы Тайтөбе ауылының жеке тұрғын үй аумағында көмір түсіру кезінде белгісіз зат жарылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиғаның салдарынан 1981 жылы туған үйдің иесі қаза болды. Тілінген жараларымен Нұр-Сұлтан қаласының №2 ауруханасына үй иесінің ағасы – 1977 жылы туған ер адам және ағасының 2018 жылы туған кәмелетке толмаған ұлы жатқызылды.
Қазіргі уақытта полиция жедел тергеу шараларын жүргізіп жатыр.