Солтүстік Қазақстанда қамауға алынған күдікті ауруханадан қашып кетті
Солтүстік Қазақстанда қамауға алынған күдікті ауруханадан қашып кетті
Фото: ainews.kz
581
оқылды
СҚО-да ауруханадан қашқан күдікті ұсталды, – деп жазады Polisia.kz. 13 тамыз күні кешке Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишимское ауылында арнайы палатада ем алған ер адам қашып кетті. 23 жастағы тұрғын мал ұрлығына қатысты тергеліп жатқан. Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел әрекет етіп, ауруханадан қашқан адамды іздеді. Нәтижесінде, оны Ставрополка ауылының маңынан ұстады. Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Қашып кеткені үшін Қылмыстық кодекстің 426-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.