Президент Ядролық медицина орталығына барды

Президент Ядролық медицина орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасына барып, жаңа нысандары – Ядролық медицина орталығы мен емдік-диагностикалық блокпен танысты, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

Президентке алдымен қыркүйек айында ашылатын Ядролық медицина орталығының диагностика блогы таныстырылды. Ядролық медицина орталығының іске қосылған кезде диагнозын қою қиын қатерлі ісік ауруларын, сондай-ақ кардиология және неврология ауруларын ерте кезеңінде анықтайды. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа орталықтың қызметі – емделуге жолдама берілген әрбір қазақстандыққа ортақ.

Бұл орталықтың ерекшелігі – қазір  әлемдік медицина индустриясында қолжетімді позитронды эмиссиялық компьютер томографиясы. Сканерлеу жылдамдығы жоғары бұл аппарат диагноз қою сапасын арттырады. ПЭТ/КТ зерттеуінен өтетін пациенттердің санын жылына 3 мыңнан 7 мыңға дейін арттырады. Мамандардың айтуынша, қазір  бұл аппараттың Орталық Азия мен ТМД елдерінде баламасы жоқ.

 

Президент Ядролық медицина орталығына барды

Президент Ядролық медицина орталығына барды

Президент Ядролық медицина орталығына барды

Президент Ядролық медицина орталығына барды

Президент Ядролық медицина орталығына барды

Президент Ядролық медицина орталығына барды

Президент Ядролық медицина орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа циклотронды-өндірістік кешен мен диагностикалық блоктан тұратын бірегей Ядролық медицина орталығының басқа да мүмкіндіктері туралы баяндалды. Атап айтқанда, циклотронды кешен арқылы 9 радиофармпрепарат өндірісіне жол ашылмақ. Қазақстанда бұл препараттардың сегізі бұрын өндірілмеген.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жаңа емдеу-диагностикалық блокты аралап көрді. Бұл жерде күрделі ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу мен оңалтудың тәсілдері арқылы 7 терапиялық бөлімше жұмыс істейді.

 

Президент Ядролық медицина орталығына барды

Президент дәрігерлермен және ғалымдармен пікірлесіп, Ядролық медицина орталығының қызметі бүкіл еліміз үшін айтулы оқиға болатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев орталық қызметі азаматтардың денсаулығын жақсартуға және қазақстандықтар үшін заманауи медициналық технологиялардың қолжетімділігін арттыруға қызмет ететініне сенетінін жеткізді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.