Жасырын цехтар әшкереленді
Жасырын цехтар әшкереленді
418
оқылды
Қаржы мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын 3 цехты анықтады.
«Жедел-тергеу іс-шаралары барысында бір топ адам Түркістан облысы және Шымкент қаласында орналасқан қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша 3 жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырып, заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқан» делінген хабарламада.
Цехтарды тінту кезінде 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркаcы, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба анықталып, тәркіленген. Агенттік мәліметінше, деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әзірге Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмей отыр. Бұдан бөлек, Алматыда Ресейден әкелінген 13 500 литрден аса контрабандалық сыра табылды. Оның 11 мың литріне жуығы пластик ыдыстарда сақталған.
«Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес, рұқсатсыз және пластикалық ыдыстардағы алкоголь өнімдері айналымына тыйым салынады», – деп хабарлады департамент.
Тексеріліп жатқан нысанда спирт – виски, бурбон сияқты ішімдік түрлері өндірілген астыртын цех та анықталған. Оларды жасау үшін самогон және құрамында спирті бар сұйықтықтар пайдаланылған.