Ақтауда бір бөлмелі пәтерді бірнеше рет сатқан мердігер мекеме әшкереленді
Ақтауда бір бөлмелі пәтерді бірнеше рет сатқан мердігер мекеме әшкереленді
© 24.kz
5,596
оқылды
Ақтауда пәтер алаяқтығы тыйылар емес, - деп хабарлады «Хабар 24». Таяуда жергілікті мердігер мекеменің бір бөлмелі үйді бірнеше рет сатқандығы әшкереленді. Азаматтарға келген шығын көлемі 600 млн теңгені құрайды. Тәртіп сақшылары әлгі алаяқтарды ұстап, уақытша ұстау абақтысына қамады. Жинақталған мәліметтер сотқа жолданған. Күдіктілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда Маңғыстау облысында алаяқтықтың жаңа түрі етек алып барады. Мұнай компаниясына жұмысқа тұрғызамын деп алдын ала жалған құжат жасалады. Оның уақытын тездету үшін қомақты қаржы сұралады екен. Ақша қолына тиген бойда алаяқтар ізін суытады. Былтырдан бері өңірде осы тектес 50 қылмыстық іс тіркелген. "Алаяқтықтың осы түрі бойынша тіркелген қылмыстық істердің саны соңғы екі жылда күрт өсіп келеді. Тергеу кезінде байқалғаны, жұмысқа тұрғызамын деп алдап ақша алғандардың барлығы да – әйелдер. Азаматтар көп жағдайда өздеріне берілген келісімшарттың жалған екендігін байқамайды. Алаяқтың арбауына түспес үшін атауы беймәлім компанияның заңды тіркеуде бар-жоғын анықтап алу қажет", - деді  қалалық ПБ тергеу басқармасы бастығының орынбасары Рустам Сатқанов.