Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет AMANAT

«Жастар – Отанға!» белсене қызмет етеді

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Ақпан 15, 2020
«Жастар – Отанға!» белсене қызмет етеді 1
27
қаралым

Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев жоғары оқу орындарының
және колледждердің, студенттік ұйымдар мен жастар ісі жөніндегі комитет бас­шы­ларымен кездесті.

Кездесу барысында студент жастардың пікірін ескере отырып, 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отан­ға!» бағдарламасы талқыланды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы қа­лалары мен Қазақстанның бас­қа да облыстарындағы универси­теттер мен колледждердің жатақхана­ларына жүргізілген мониторингтің аралық қорытындысы жасалды.

– Қазақстан бойынша жоғары оқу орындарына тиесілі 600-ден астам жатақхана бар. Солардың 70-тен астамының жағдайы сани­тар­лық нормаларға сай келмей­ді. Еліміздегі жоғары оқу орында­рын­дағы жатақханалардың жетіспеу­шілігі де ең үлкен проблема. Мы­салы, Алматы қаласында 35 мың студентке жатақхана жетіспейді, Шымкент қаласында 7 мыңнан астам, Нұр-Сұлтан қаласында 12,5 мыңнан астам орын жетпейді. Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздік кеңесінде айтқан тап­сырмасы бойынша қаңтар айының соңынан бастап біз жатақ­хана­ларды тексеруді қолға алдық. Бас­ты мақсатымыз – студенттерге қолайлы жағдай жасау, олардың қажеттілігін қанағаттандыру, – деді Елнұр Бейсенбаев.

Jas Otan Жастар қанатының төрағасы, сондай-ақ көптеген жатақханада интернеттің, оқу залдарының, тамақ дайындайтын бөлмелерінің жоқ екенін айтты. Кейбір жатақханалардың жөндеуден өтпе­геніне біраз уақыт болғанын, жатын орын­дарының ескіргенін тілге тиек етіп, осы мәселелерді жіті бақылауға алу керек дейді. Сөз соңында Елнұр Бейсенбаев жоғары оқу орындарында спорттың 4 түрінен спартакиада өткізу туралы ұсы­ны­сын білдірді. Сондай-ақ студент­терді жатақхананы тексеру жұмыс­ына белсенді атсалысуға, жаз мезгілінде дәстүрлі түрде ұйым­дастырылатын «Жастар – Отанға!» халықаралық лагеріне қатысуға шақырды.

Іс-шара кезінде жастар саясаты саласында жүргізіліп жатқан жұ­мыс­тар жайы баяндалып, студент жас­тардың проблемалық мәсе­лелер, оларды шешу мүмкін­діктері қарастырылып, ЖОО жас­та­рының идеялары мен пікірлері тыңдалды.

 

Абылайхан ЖҰМАШ

 

Тегтер: «Жастар – Отанға!»Елнұр Бейсенбаевжастаркездесу

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Интернеті жоқ ауылдар әлі де көп

Ақтауда әскери бөлімнен сарбаз қашып кетті

Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханаға түсті

Алматыда бірнеше үй ыстық сусыз қалғалы тұр

Тоқаевтың таңғы серуенінен фото жарияланды

«Күміс жас» жобасы: зейнетке шығатын азаматтарға арналған бағдарлама іске қосылады

Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеме жасады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»