«Қазгидромет» 18-20 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, таяу күндері республиканың батыс, солтүстік, шығыс облыстарына атмосфералық фронт әсерінен жаңбыр жауады.
19-20 тамызда облыстың шығысында нөсер жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Ал республиканың қалған бөлігінде метеожағдай сипаты өзгермейді. Жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның солтүстік жартысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Батыста ауа температурасы түнде +18...+26 градустан +12...+23 градусқа дейін, күндіз +30...+38 градустан +27...+35 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстікте түнде +13...+20 градустан 10...+17 градусқа дейін, күндіз +28...+33 градустан +22...+28 градусқа дейін, республиканың оңтүстік-шығысында +12...+18 градустан 8..+15 градусқа дейін, күндіз +25...+30 градустан +18+23 градусқа дейін, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында ауа температурасы түнде +2...+10, күндіз +13...+18 градус, оңтүстікте +23 градус болады.