Қазақстандықтар осы айда бас-аяғы 9 күн демалады. Тамыз айының 30-ы Конституция күні аталып өтеді. 30 тамыз сейсенбі, яғни жұмыс күніне сәйкес келіп тұр.
Үкімет басшысының арнайы қаулысында демалыс күнін 27 тамыз, сенбіден 29 тамыз дүйсенбіге ауыстыру туралы жазылған.
Сондықтан аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 28, 29, 30 тамызда 3 күн қатарынан, ал 6 күн жұмыс істейтіндер 28, 30 тамыз күндері демалады.