Мектеп мұғалімдері 5 күндік жұмыс форматына көшеді
Мектеп мұғалімдері 5 күндік жұмыс форматына көшеді
1,093
оқылды
Келесі жылдан бастап мектеп директорлары мен мұғалімдері 5 күндік жұмыс форматына көшеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Келесі оқу жылынан бастап (биылғы 1 қыркүйектен ред.) үш ауысымда білім беретін мектептерді қоспағанда, барлық білім ордаларын 5 күндік жұмыс форматына көшіру туралы шешім қабылдадық. Бұл мектеп директорларына да, мұғалімдерге де және барлық қызметкерлерге де қатысты. Мұғалімдер сенбі күні демалуы, балаларының қасында болуы қажет деп санаймыз», деді министр республикалық тамыз конференциясы барысында.
Асхат Аймағамбетов бұл мектеп директорына, оның орынбасарларына да қатысты екенін баса айтты.
«Осы орайда «Бұл жайт еңбек демалысына әсер ете ме?» деген сұрақ туындайды. Бұл мәселе еңбек демалысына әсер етпейді. Еңбек демалысы 56 күн және өзгеріссіз қала береді», деді ол.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылынан бастап мұғалімдер мен оқушылар сенбі күні демалатынын айтқан болатын.