«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жас қыздың бейнеүндеуі анықталды. Ол Назарбаев университетінің профессорлық-оқытушылық және техникалық персоналы тарапынан қысым көрсету және зорлауға қатысты, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің төменгі курс қыздарына қысым көрсетуге қатысты бірнеше фактіні білетіні туралы айтты. Бейнеүндеу Есіл ауданының Полиция басқармасында тіркелді. Полиция қызметкерлері қазір тексеру жүргізіп жатыр. Толығырақ кейін хабарлаймыз!», – делінген Рolisia.kz Telegram каналында.
Бұған дейін ШҚО-да өгей әке 13 жастағы қызын 5 жыл бойы зорлап келгенін жазған болатынбыз.