«Дайын қағаз-қаламы, енді оқуға барады»
«Дайын қағаз-қаламы, енді оқуға барады»
352
оқылды
Бүгінде елімізде «AMANAT» пар­тия­сының «Бақытты отбасы» жо­басы ая­сында «Баланы мектепке даяр­лайық!» атты жал­пы­рес­пуб­ликалық қайырымдылық акциясы өтіп жат­қа­ны белгілі. Бұл күндері пар­тия мү­ше­ле­рі оқушыларға мектеп формасы мен оқуға қажет құрал-жабдық тарту етіп жатыр. Биыл аталмыш акция шең­берінде 30 мыңнан аса жеткін­шекті қамту жоспарланған. Партияның Орталық аппарат басшысы Мәди Оспанов бірнеше от­ба­­сыға ба­рып, балаларға мек­­теп фор­­ма­сын, спорт киімін, сөм­­­ке, кең­­се тауар­ла­рын және басқа да керек-жарақтарды та­­­­­быстады.
– Басты мақсат – көпбалалы жә­не аз қам­тылған отбасылардың ба­ла­ларын оқу жы­лына дайындауға кө­­мек­тесу. Бір отба­сыға барға­ны­мыз­да, әке­сінің де, ана­сы­ның да есту қа­бі­ле­тінен айырылғанын жә­не жа­қында үйлерінің шатыры өртеніп кет­­кенін біл­дік, сондықтан қосымша қол­­дау көр­сетіп, жөндеу жұмысын жа­сап беру­­ді шештік, – дейді Мәди Ос­панов.
Өз кезегінде көпбалалы ана Әсем Жай­лаубекова партияға алғысын біл­дірді.
– Үш балам мектепке барады. Оның бірі биыл алғаш рет мектеп та­балдырығын ат­тағалы отыр. Керек-жарақтарына ке­мін­де 100 мың теңге қажет болған. Одан бө­лек, ересек ба­лаларым да бар. Партия­ның арқа­сын­да бүкіл қажетті құрал-жаб­дық­тарымызды түгендеп алдық, – деп ағы­­нан ақтарылды ол.
Сондай-ақ «AMANAT» партия­сы­ның Рес­публикалық қоғамдық қа­былдау бөлмесінің жетекшісі Әлия Са­дырбаева төрт қы­зы мектепке бара­тын отбасыға партия аты­нан оқу құрал­дарын тарту етті.
– Екі аптадан соң жаңа оқу жылы бас­­та­­­лады. Бұл – оқушы тәрбиелеп отыр­ған әр­бір шаңырақ үшін айтулы оқиға. Өзім­нің де бес балам мектепке барады, баланы мек­тепке дайын­дау­дың қаншалықты қиын екенін біле­мін. Әрқайсысына мек­теп формасы, спорт киімі, аяқкиім, сөм­ке, күнде­лік, дәптер, басқа да қыруар зат ке­рек. Ата-ананың оны сатып алуға мүм­­кін­дігі болса жақсы.Бірақ, өкі­ніш­­ке қа­рай, мүмкіндігі жоқ ата-ана­лар көп. Сон­дық­тан «AMANAT» пар­­­тиясының «Ба­қыт­ты отбасы» жо­басы аясында жыл сайын «Баланы мек­тепке даярлайық!» ак­циясы өткі­зіледі. Бізге, Республикалық қо­ғам­дық қабылдау бөлмесінің қыз­мет­кер­леріне 6 қызы бар отбасыға кө­мек­­тесу­дің сәті түсті. Олардың төр­теуі мектепке бара­ды екен. Біз оның әр­қайсысына зат­тарды мұқият таң­дадық. Ал кішкентай Жаңыл үшін ерек­ше сый жасағымыз келді – ол биыл алғаш рет мектеп табал­ды­ры­ғын аттайды. Оған біз дәмді торт пен  шар­ сыйладық. Ал отбасы мү­ше­лері­не жеміс-жидекке толы се­бет­ті тарту еттік, – деп атап өтті Әлия Са­дыр­­баева.
Ал Қызылорда қалалық мәсли­ха­ты­ның де­путаты, «AMANAT» фрак­ция­сының мү­шесі Ділмұхамед Аби­зов 500 балаға мек­теп формасын алып берді.
– Қазір еліміздің барлық өңірінде «Ба­ла­ны мектепке даярлайық!» атты ак­ция өтіп жатыр. Қалалық мәсли­хат­тың депу­та­ты ретінде мен де осы іс-шараға атса­лыс­қым келді. Сон­дық­тан DALATEX тігін фаб­рика­сын­да өндірілген 100 мектеп фор­масын Шиелі ауданының мек­теп­теріне, ал 400 форманы қала мектептеріне сый­ға тарттым. Сонымен қоса, мектеп фор­­масының бағасын тұрақтандыру жә­не оның қолжетімділігін қамта­ма­сыз ету үшін 7000 теңге тұратын 600 мек­теп фор­ма­сы сатылымға шы­ғарыл­ды, – деді Діл­мұхамед Абизов.