Жамбыл облысындағы шекара заставасында атыраулық сарбаз көз жұмды
Жамбыл облысындағы шекара заставасында атыраулық сарбаз көз жұмды
674
оқылды
Алдын ала ақпарат бойынша, сарбаз әскер қатарына Атыраудан шақырылған. Қайғылы оқиға 19 тамыз күні түнде Жамбыл облысында орналасқан Шөлдала шекара заставасында болған. Orda.kz телеграм каналының мәліметіне сәйкес, сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған. Күні кеше ғана Атыраудағы шекара заставасында Ақтаудан шақырылған сарбаздың мерт болғанын жазған болатынбыз. Өкінішке орай, армия қатарында жүрген сарбаздар өлімі азаймай тұр. Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскердегі сарбаз өлімінің көбеюіне байланысты Қорғаныс министрлігін сынға алып, міндеттер жүктеген болатын.

Баян Жанұзақова