Алматыда жас жігіт мешітке келгендерді тонаумен айналысқан
Алматыда жас жігіт мешітке келгендерді тонаумен айналысқан
705
оқылды
Алматыда 23 жастағы А. есімді жігіт мешітке келген жамағатты тонаумен айналысқан. Ол мешітке келіп, ұйықтап жатқан адамды көріп, үн-түнсіз қалтасынан құнды дүниенің бәрін суырып алған. алматы
– Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің кезекші бөліміне мешіт аумағында ұялы телефон ұрланғаны туралы арыз түсті. Күдікті сол күні ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.
Полиция қызметкерлері осыған ұқсас оқиғадан басқа да зарадап шекендер болуы мүмкін екенін айтты. Осы ретте тәртіп сақшылары өзге жәбірленушілер болса мына телефон нөміріне хабарласуға шақырды: 254-48-72.