Қолғанат Мирта
Қолғанат Мирта
259
оқылды
Мирта – Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Кинология бөлімшесінде қызмет ететін құтқарушы ит. Сабалақ жүнді неміс овчаркасы мұнда алты жылдан бері «жұмыс істейді». Оның міндеті – оқыс оқиға кезінде үйінділер мен тау-тас арасынан жоғалған адамдарды іздеу. Миртаны аталмыш бө­лімшенің бірінші сыныпты құтқарушысы, 18 жылдық тәжірибесі бар кинолог Николай Попов жаттықтырады.
«Бұл – менің тәжірибемдегі бесінші ит. Ішкі істер департаментінде істейтін достарым күшік кезінде маған сыйлаған. Миртаның «әкесі» сол департаментте абыройлы «қызмет атқарған». Тәжірибелі із кесуші болған. Тәртіп пен кәсіби машықтары итке де қанмен берілсе керек, оны құтқарушы етіп тәрбиелеу аса қиынға соққан жоқ», – деді маман.
Өзін иесі мақтап жатқанын түсінгендей, осы сәт жануар да құйрығын бұлғаңдатып, дымқыл тұмсығымен кинологты бір, бізді бір иіскелеп, еркелеуге к­өшті. кинолог Николай Попов Ол бүгінге дейін адам жоғалғанда, талай мәрте құтқарушылармен бірге шығып, орманнан, үйінді астынан, тау-тасты жерлерден іздеуге кө­мектеске екен. Николайдың айтуынша, әлемде иттің иіс сезу қабілетінен асып түсер бірде-бір техника жоқ. Сондықтан жоғалған адамды үлкен аумақты жерлерден іздегенде т­өртақтылардың к­өмегі орасан.
«Адам іздеуге салатын болғандықтан, Миртаны жұрт кө­п жүретін жерлерге жиі алып шығуға тырысамын. Баланың, үлкен кісілердің, әйелдің, ер адамның иісін танып, есте сақтап, бір-бірінен ажыратып үйренуі керек. Қарулы күштер саласындағы иттерден де ерекшелігі сол біздікілер кісі жатырқамайды, керісінше, адамға үйірсек келеді», – дейді Николай.
Қызметші иттерді күшік кезінде таңдарда да іріктеуден ­өткізеді екен. Көбіне неміс овчаркасы, бельгиялық овчарка, спаниель, лабрадор сияқты тұқымды алады, ө­йткені олар айтқанды тез ұғатын ақылды әрі тәртіпке де оңай көндігетін көрінеді. Қызметке алынатын ит қорқақ, агрессияға бейім болмауы, адамдарды жатырқамауы керек. Сосын олардың тәттіге, ойыншыққа реакциясы тексеріледі.
«Иттерді үйретерде әртүрлі тәсіл қолданамыз. Кинолог иттің кө­ңіл күйін, мінезін жазбай тани білуі керек. Жаттығуға итті аш күйі әкелеміз. Ол команданы дұрыс орындаса, тәтті беру арқылы оны қолпаштап, мотивация береміз. Тыйым салатын командаларды қатал дауыспен айтып, ал мақтайтын кезде даусымызды жұмсартамыз», – деп Николай бағанадан бері жанымызда моп-момақан болып отырған Миртаның басынан сипап қойды. Кинологтар иттің ұрғашыларын жиірек алады, ­өйткені олар тәртіпке оңай үйренеді және иесіне жақынырақ болады. Біздің төртаяқты кейіпкеріміз Мирта да ұрғашы болып шықты. Иттер арасында иеархия мықты сақталады екен. Мысалы, Мирта жасы кіші қызметші иттер өзімен артық ойнап қойса, мінезін кө­рсетіп, тәртіпке салып қоятын к­өрінеді. «Қызметке кіріспес бұрын иттер аттестация «тапсырады». Ол үш кезеңнен тұрады. Біріншісінде, мақұлықтың команданы орындау мен ептілігі сыналады. Бұл кезде олар «жат», «отыр», «тұр», «маған кел» деген тәрізді бұйрықтарды орындайды, снарядтардың ортасымен жүреді. Келесі кезеңде табиғат аясына шығарып, тығылып жатқан 2 статисті табуы керек. Оған 20 минут уақыт беріледі. Ал үшінші кезеңде статистерді үйінді астынан іздеуі шарт. Әр кезең бойынша ең жоғары 50 балдың кемінде 30-ын жинау қажет. Жеткілікті ұпай ала алмаған иттер келесі кезеңге ­өтпейді», – дейді кинолог.
Қазір Кинология б­өлімшесінде Миртадан басқа аттестациядан ө­ткен Микс, Баргос, Гоша есімді үш ит бар. Ал үш ит 7 қыркүйек күні Алматыда ­өтетін сынаққа дайындалып жатыр. Оны сәтті тапсырса, олар да Миртаның «әріптестері» атанады. Айтпақшы, құтқару қызметіндегі иттер 8 жас 8 айында «зейнетке» шығады. Демек, Мирта әлі тағы үш жылдай қолғанат болып, адам іздеуге кө­мектеседі.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ