Алматыда Дінмұхамед Қонаевты еске алу шарасы өтті
Алматыда Дінмұхамед Қонаевты еске алу шарасы өтті
730
оқылды
Оңтүстік астанада Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні өтті. Еске алу аясында Кеңсай зиратында құран оқылып, тұлғаның қала орталығында орналасқан бюстіне гүл шоқтары қойылды. Шараға Дінмұхамед Қонаевтың туыстары мен жақындары, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Кейін Д. Қонаев музейінде жаңарған экспозициялар бойынша экскурсия өтті. Осы жылы көрнекті мемлекет қайраткерінің 110 жылдық мерейтойы аясында музейді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген болатын. Дінмұхамед Қонаев Еске салсақ, музейдің жаңару жұмысынан кейін қайта ашылуы 19 сәуірде өткен еді. Аталған жұмысқа еліміздегі музей және архив саласының жетекші мамандары, дизайнерлер, мүсіншілер, суретшілер, видеоинженерлер тартылды. Жұмыс барысында жобаның тұжырымдамасы мен эскизі Д.А. Қонаевтың Халықаралық қорымен келісіп, әзірленді.