Республикалық бас мешітке имам тағайындалды
Республикалық бас мешітке имам тағайындалды
Фото: facebook.com/ Ағабек Қонарбайұлы
618
оқылды
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық Бас мешітке имам тағайындалды. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook парақшасында жазды. Бүгін Бас мүфти Бас мешіт жамағатына имамды таныстырып, бұйрығын оқып берді.
«ҚМДБ жанындағы Республикалық Бас мешітке Қыдырмин Қанат Қоянбекұлы имам болып тағайындалсын» делінген ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығында.
[caption id="attachment_214077" align="alignnone" width="1200"]имам Фото: facebook.com/ Ағабек Қонарбайұлы[/caption] Бас мүфти Қанат Қыдырминнің діни саладағы білімі мен тәжірибесін айрықша атап, жаңа жұмысына сәттілік тілеп, игі істеріне дұға жасады. [caption id="attachment_214079" align="alignnone" width="1202"]имам Фото: facebook.com/ Ағабек Қонарбайұлы[/caption] Айта кетсек, Қанат Қоянбекұлы осыған дейін Ақмола облысының бас имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры қызметін атқарды.