Аймақтың дамуында серпін бар
Аймақтың дамуында серпін бар
303
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады. Аймақ әкімі Мемлекет басшысына Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика бар екенін айтып, стратегиялық даму жобасы туралы баяндады. Дамудың негізгі 5 бағытынан тұратын құжат 2 ке­зеңді қамтиды. Ол 2025 жылға дейін және 2030 жыл­­ға дейін жүзеге асырылмақ. Алматы облы­сын­да таяу уақытта инвестицияның өсімін 455 мил­лиард теңгеден 686,5 миллиард теңгеге дейін арт­тыру жоспарланған. Осы мақсатта құны 618 мил­лиард теңге болатын әрі 7 мыңнан астам жұ­мыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 132 жобаның ин­вестпортфелі жасақталған. Облыс әкімінің айтуынша, Алматы агло­ме­ра­ция­сының аймақаралық жоспарына сәйкес, об­­лыс­тағы нысандар инженерлік және әлеуметтік инф­­рақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ аймақтағы ең өзекті проблеманың бірі – үш ауысымды мектептер мәселесі қалай ше­шілетіні айтылды. 2025 жылға дейін «Жайлы мек­теп» жобасымен 51 мектеп салу жоспар­ланған. Се­бебі облыста үш ауысымды мектеп көп. Со­ны­мен қатар облыс жетекші жоғары оқу орын­дары мен колледждердің филиалдары, дарын­ды ба­ла­лар­ға арналған мектеп-лицей, G 4 City аумағында ме­дициналық хабы мен ғы­лыми-білім беру ай­ма­ғы бар Gate District ашы­лады, «Білімді ұлт» ұлт­тық жо­басының аясында 11 колледждің ма­териалдық-тех­никалық базасы нығайтылады. Президентке ұсынылған мәліметтерге сәйкес, өңір­де 38 медицина нысаны салынады. Оған қоса, облыс орталығында 500 орындық көпсалалы ау­рухана құрылысы жобаланған. Облыс экономикасын дамытудың негізін қай­та өңдеу секторы, агроөнеркәсіптік кешен, кө­лік, ло­гистика және туризм құрамақ. Өңір басшы­сы­ның айтуынша, қазірдің өзінде облыста 2 626 жұ­мыс орнын ашуға мүмкіндік беретін құны 290 мил­лиард теңгелік 23 жоба іске асырылып жатыр. Агроөнеркәсіп кешені саласында 3 330 жұмыс ор­нын ашуға мүмкіндік беретін құны 210 миллиард тең­ге болатын 78 жоба жүзеге асырылып келеді. АӨК жобалары облыстың барлық ауданында қол­ға алынған. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, ту­ризм саласында жетістіктер бар. Алматы облы­сында орналасқан ұлттық парктерге келетіндер саны көбейген. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында облыс да­муының стратегиялық жоспарын тиісті мем­лекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асыруды тап­­сырды.